2026 жылғы 19-24 қаңтар аралығына жоспарланған «Сапалы білім – болашақ кепілі» тақырыбына әзірленген мектептің медиа жоспары оқу ордасының білім беру сапасын арттыруға, мектеп жетістіктерін кеңінен насихаттауға және қоғаммен тиімді байланыс орнатуға бағытталды. Медиа жоспар аясында жүргізілген іс-шаралар білім алушылардың, педагогтердің және ата-аналардың белсенділігін арттырып, мектептің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етті. Ақпараттық ашықтық пен заманауи медиа құралдарын тиімді пайдалану нәтижесінде мектептің білім беру үдерісі мен жетістіктері кең аудиторияға жеткізілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді. Білім сапасын арттыру бойынша білім алушыларға қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қалыптастырумен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатымен сынып жетекшілер және әдістемелік бірлестіктер отырысында ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар ұйымдастыру, үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыс жасау, дарынды оқушыларды зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларға дайындау, білім сапасына тұрақты түрде талдау жасап отыру, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дұрыс қолдану, білім алушыларға патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие беру, үнемі ата-аналармен байланыста болу сияқты жұмыс түлері жоспарланды.
