26 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасы мектеп кітапханашысы 4 сынып оқушыларымен «Кітапты қалай жаратқан?» атты кітапханалық әңгіме дәріс сабағын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды кітап пен сазды әуен арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, қоғамымыздың ертеңі болар ұрпақ тәрбиесінде ата – ана мен балалардың сенімді серігі кітап оқуға баулу.
Әңгіме дәріс сабағы кітап деген не?, Кітап бізге не үшін керек? сұрақтарды, , «Кітаптың пайда болу тарихы» видеоролик, «Кіммін мен?», «Дұрыс ретімен орналастыр», «Сұрақ меннен, шешім сеннен», «Жеті қадам» атты бөлімдерді қамтыды.
Сұрақтарға жауап алумен қатар, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Жауапты: кітапханашы Осерхан Айман.
