«Сабақ сапасы-білім сапасының басты көрсеткіші» тақырыбында мектепішілік әдістемелік сағат ұйымдастырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Е.Рахманова «ҚМЖ құрастыру талабы» тақырыбына тоқталса, ұжымдағы педагог-шеберлер білім сапасы күнделікті сапалы өткізілген сабаққа байланысты екеніне тоқтала отыра келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-шебер Рахметова А.А. «Сабақ кезеңдерін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша таныстырылым жасады. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Д.А.Аипова мен математика пәні мұғалімі Кунакбаева Л.А. «Дәптерлерді тексеру нұсқаулығы» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Ал физика пәні мұғалімі, педагог-шебер К.К.Алдабергенова «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар арқылы критериалды бағалау» тақырыбына тоқталып , практикалық жұмыс ұйымдастырды.
