“Адал азамат“ біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Алдын алу шаралары” жобасы бойынша “Өмірге салауатты қадам” іс-шарасына орай 16 қазан күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде гинеколог -дәрігер Сапарғалиева Мадина Ануарбековна 9-11 сыныптың қыздарына “Ерте жүктіліктің алдын-алу және қыздардың жеке бас гигиенасы” туралы хабардар болу үшін ақпараттық түсіндірме жұмысын өткізді.