Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Жасөспірімдер дағдарысы және оны жеңудегі ата-аналардың рөлі» атты тақырыбына мектепішілік 5-11 сыныптың ата-аналарына арналған жиналысты мектеп психологтері: Д.Г.Искакова., С.Хавылмұратқызы өткізді.
Мақсаты:Жасөспірім жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету, дағдарыс кезеңін бірге еңсеру жолдарын түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектесу.
Педагог-психолог ата-аналарға баламен диалог құрудың, оларды тыңдай білудің, шектен тыс қысым жасамаудың маңызын атап өтті. Жасөспірімдік дағдарыс – бұл өсу мен өзін-өзі табу кезеңі екені айтылып, ата-аналарға сабырлық пен қолдау көрсету ұсынылды.Дағдарысты жеңудің тиімді жолдарын меңгерді.Баламен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.Қатысушылар тарапынан оң пікірлер мен алғыстар айтылды.
