Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектеп психологі Д.Г. Искакованың ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында “Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз” атты тренинг-жаттығу өткізілді.
Тренингтің мақсаты – жасөспірім шақтағы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылар арасында өзара түсіністік, достық қарым-қатынас орнату, өзін-өзі тану мен бағалауға көмек көрсету, сондай-ақ бір-бірінің ерекшеліктерін құрметтеуге тәрбиелеу болды.
