Абай атындағы ЖОББ мектебінде “Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Құқық бұзушылықтың алдын-алу” шаралары бойынша Ақсу қаласы ПБ ЖПҚБ УПИ К.Т.Ж УПИ полиция капитаны Қуан Рауангүл 6-сыныптар аралығында құқықбұзушылық болдырмау түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жарақаттың алдын-алу мақсатымен автокөлік, мопед, скутерлер, мотоцикл мінуге тыйым салу, жол ережелерін қатаң сақтау туралы ескерту жасады, сондай-ақ әртүрлі интернет алаяқтарына алданып қалмау туралы да мәліметтер беріп өтті.
