«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1”В”сыныбында “ДОСБОЛLIKE”
«Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
– Оқушыларды өмірде кездесетін буллинг түрлерімен таныстыру;
– Буллинг пен кибербуллингке қарсы тұруға қажетті білім мен дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау;
– Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту және буллингке қарсы көзқарасын нығайту.
Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді:
«Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу».
Сабақ барысында балаларға қазіргі технологиялық өзгерістердің жасанды интеллектпен тығыз байланысты екені түсіндіріліп, оның кейбір қауіпті тұстары – адамдардың шынайы ойы мен сезімдерін білуге және оларды басқаруға ұмтылуы – туралы айтылды.
Сынып жетекшісі:
Кабдуллина Д.С.
