Бүгін мектеп 5-11 сыныптар арасында “қауіпті симбиоз” видеоролигімен радикализм, экстремизм және терроризмнің зияны туралы ақпараттық сағат өткізілді. Оқушыларға бейбіт өмірдің құндылығы, қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің маңызы айтылып, теріс ағымдардың жастарға тигізетін кері әсері түсіндірілді. Мақсат – жас ұрпақты жат идеологиядан сақтандырып, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне үлес қосу.