Ағымдағы жылдың 4-7 қараша аралығында Астана қаласында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Фестивал 3-4, 5-6, 7-8 сыныптар арасында «Бочча», жеңіл атлетика, көңілді старт жарыс түрлерінен өткізілді. Жарысқа қазақстанның әр өңірінен келген спортшылар керемет дайындықпен, талпыныспен , жеңіске деген жігермен келген. Бұл жарыстан балалар керемет әсер алып қайтты. Павлодар облысынан 16 команда әр спорт түрінен бақ сынасты. Осы командалар ішінде 11 команда жүлделі 1,2,3 орындарды қоржындарына салып әкелді.
Біздің мектеп Бочча спорт түрі бойынша 5-6 сыныптар арасында, А категориясы бойынша 1-орын иеленді! Команда құрамында 5ғ сынып оқушылары Русланұлы Ержан, Русланұлы Амиржан, Жупьянов Бегзат, жаттықтырушысы Мейрамгуль Елеусузовна Мусажанова. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бұл — шәкірттеріміздің табандылығы мен жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі!
Жарысқа қолдау көрсеткен демеушілер:
– «AMANAT» партиясына,
– Павлодар қаласының дене шынықтыру регионалдық орталығына,
Мектеп әкімшілігіне
оқушылар атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сонымен қатар, республикалық жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған
Оқу-ағарту министрлігіне және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына
үлкен алғыс айтамыз!
Ізгі ниетпен: Абай атындағы ЖОББМ


