Елімізде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы бойынша тірек мектептерінің тәжірибесі аясында 6 қараша күні Павлодар қаласының NIS-мектебінде мектеп кітапханашылары “Оқу және ақпараттық сауаттылықты насихаттауда мектеп кітапханасындағы инновациялық жұмыс түрлері мен әдістері” атты тақырыпта тағылымдамадан өтті.
