Кітапхана мүмкіндіктерін білудің ең жақсы тәсілі — ашық есік күніне келу. Абонемент бөлімі кітапханаға кіре берісте күн кітапханаға саяхат жасаудан басталды,оқырмандар саяхат барысында кітапханаға кітап қалай түседі, оқырмандарға жету жолдары,олар қалай сақталады, және кітапты қалай таңдай алу керек екендігі туралы білді. Саяхат кітапхана жұмысымен ,кітап қорымен, кітапханалық көрмелермен танысуға, кітапхана мен кітапханашының рөлін көрсетуге мүмкіндік берді.
Аталмыш іс-шарада кітап, кітапхана, кітапханашы үш ақ ауыз сөз мағынасы туралы мәліметтермен қоса оқырман пікірлері айтылып, шағын сұхбаттар алынды. Іс –шара соңы «Кітап туралы сұрақтар» викториналық ойындармен жалғасын тапты. Оқушылар белсене қатысып, жақсы көңіл күймен тарасты.
