30 қыркүйек күні «Ақсу қаласы №7 орта мектебі» КММ базасында білім бөлімінің кітапхана ісінің әдіскері Г.Х.Шуахбаева «Мектеп кітапханасының қызметінде білім беру үрдісіне әдістемелік қолдау» тақырыбында мектеп кітапханашыларының әдістемелік- нұсқаулық семинарын өткізді.
Іс-шараға қала және ауыл мектептерінен 22 кітапханашы қатысты.
Семинар барысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, 2025–2026 оқу жылына арналған бағыттар айқындалды, жоспарлар мен есептерді құру, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Шара барысында Абай ат.ЖОББ мектеп кітапханасының меңгерушісі Г.М.Тусупова «Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Рейтинг нәтижелері бойынша үздік кітапханашылар анықталып, Ақсу қаласы білім бөлімі тарапынан мадақтамалар, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
📕Рейтинг нәтижесі бойынша үздік кітапханашылар қатарында Абай ат.ЖОББ мектеп кітапханашылары Г.М.Тусупова мен Осерхан Айман марапатталды.
