Мемлекет басшысы атап өткендей: «Ата Заң – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз».
Еліміздің басты Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына
30 жыл🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Ата Заң – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз».
📖Конституция тарихы
Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Ал қазіргі қолданыстағы Ата Заң 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданып, содан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.
Соңғы 30 жыл ішінде Конституцияға бірнеше рет түзетулер енгізілді. Оның ішінде ең ірілері:
1998 жыл – Парламент пен Үкімет өкілеттіктеріне қатысты өзгерістер;
2007 жыл – Парламенттің рөлін күшейту, саяси партиялардың мәртебесін арттыру;
2017 жыл – билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу;
2022 жыл – бүкілхалықтық референдум арқылы суперпрезиденттік жүйеден президенттік-парламенттік модельге көшу, өлім жазасын жою, Конституциялық соттың қайта құрылуы, жердің халыққа тиесілі екендігі жөніндегі норма.
📖Ата Заң әрбір азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, ар-ождан мен сөз бостандығына құқығын бекітіп қана қоймай, мемлекет пен қоғамның дамуына да бағыт береді. Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел бірлігінің символы, тәуелсіздіктің тірегі.
📖 Осы орайда мектеп кітапханасы “Ата заң- еліміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры” атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
