2025 жылдың 18 қыркүйек күнi Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде » Отбасы- адамгершілік ұясы:Бала бойындағы құрметпен, мейiрiмдiлiктi тәрбиелеу» атты тақырыптарында мектепiшiлiк ата -аналар жиналысында «ДосболLIKE» бағдарламасы жасөспірімдер арасында буллингтiң, кибербуллингтiң алдын алу бағдарламасымен таныстырылды. Бағдарламының мақсаты– достықтың қадірін ұғындырып, сыйластық пен мейірімділікке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Міндеттері:
- Жасөспірімдер арасында өзара түсіністік пен ашық, кедергісіз қарым-қатынас орнатуға жол ашу;
- Әлеуметтік ортада жоғары мәдениетті, ізгі ниетті тұлғаны тәрбиелеу;
- Отанын сүйетін, адал да белсенді Қазақстан азаматын қалыптастыру. Мектеп психологi: Искакова Д.Г ата- аналарды бағдарламамен таныстырды.@aigerim_erkenona

