Кәсіптік бағдар беру
Қаңтар айы
2025 жылғы 29 қаңтарда Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы көп салалы жоғарғы колледжінің мамандарымен, студентерімен бірігіп Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар берілді.
2025 жылғы 28 қаңтар күні Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия университетінің мамандарымен кәсіби бағдар жұмысы атқарылды.
21-қаңтар күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» қаңтар айындағы “Заң және тәртіп” құндылығы аясында «Еңбегі адал — жас өрен» жобасы бойынша Ақсу қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бәйімбет Алмас Айтмұхамбетұлы және учаскелік полиция инспекторы, ювеналды жергілікті полиция қызметкері Ақсу қалалық ІІБ полиция майоры Курмангалиева Лаура Жанибековна10-11 сынып оқушыларына «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ақпараттық -түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



