24 сәуір Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Абай атындағы ЖОББ мектебінің 1-11 сынып оқушылары ата-аналарының мамандықтарына байланысты “Менің еңбегім — менің мақтанышым” атты фотокөрме өткізілді. Іс-шараның мақсаты мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларға әртүрлі кәсіптер жайлы көрнекі түрде таныстыру, балалардың болашақ мамандықтарға қызығушылығын ояту,
ата-аналардың еңбек жолына құрметпен қарауға тәрбиелеу және оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

2025 жылғы 21 сәуірде, Абай ЖОББ мектебі, 6 “В” сыныбында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша, “Мамандықтар әлемі” тақырыбында іс-шара өтті.
Өткізген : Шалабаева С.Г.

