Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

«Абай атындағы жалпы орта білім беру мектеп» КММ Мектеп кітапханасы

Кітапхана

Ақсу қаласы, «Абай атындағы жалпы орта білім беру мектеп» КММ

мектеп кітапханасы

І. Кітапхана жайлы қысқаша анықтама.

          Мектеп кітапханасы Абай ат. жалпы орта білім беру мектебінің екінші қабатында Д блогында орналасқан. 2010 жылдың қаңтар айынан жұмыс жасауда. Мектеп кітапханасы 361 метр кв. көлемін қамтитын бейімделген жеке кабинеттерді құрайды. Олар: абонемент, оқу залы, кітап қоймасы. Мектеп кітапханасы қазіргі заман талабына сай жаңа үлгідегі компьютермен, кітап сөрелерімен, көрме витриналарымен жабдықталған. 40 орындық оқу залы бар, яғни жұмыс жасауға толық мүмкіндік беретін материалдық-техникалық  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бөлменің жарықтандырылуы санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді. Мектеп кітапханасында 2 компьютер, көп функционалды принтер (шығару,ксерокс,сканер) бар. Компьютер интернет желісіне қосылған.

          Кітапхананың жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас 13.00-14.00. екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі). Айдың соңғы күні санитарлық күн болып табылады.

          Мектеп кітапханасының жұмысын  2 қызметкер – кітапханашы мамандары ұйымдастыруда: Тусупова Г.М. – меңгерушісі. кітапхана, орта арнаулы, КПУ, 1994 ж., біліктілігі орта кітапханашы. 1994  жылдан бастап мектепте кітапхана меңгерушісі, Кітапхана жұмысындағы  еңбек өтілі: кітапхана меңгерушісі – 30  жыл 1 ай, осы ұйымда 15 жыл.

          Осерхан Айман — кітапханашы,  орта арнаулы, Жаяу Мұса атындағы көпсалалы колледж, 2020 ж. Кітапханадағы жұмыс тәжірибесі: 2021  жылдан кітапханашы.  Кітапхана жұмысындағы  еңбек өтілі: кітапханашы –  2  жыл, осы ұйымда 5 ай.

           Мектеп кітапханасы мектеп директорының бекітілген жоспарымен жұмыс жасайды.

Кітапхана өз қызметін мектеп дамуының негізгі бағыттарына, оның әдістемелік тақырыбына, білім беру және тәрбие мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады. Кітапхананың негізгі қызметі – білім беру, ақпараттық, мәдениеттік.

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 19 қаңтардағы  2016 жылғы №44 бұйрығына сәйкес мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары: кітапхана қоры қалыптастыру мен орналастыру, пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетіледі. Негізгі қызметін жүзеге асыру, яғни кітапханалық қызмет көрсету пайдаланушылардың білімдік, ақпараттық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында, оларға құжаттар мен ақпараттарды, басқа да кітапханалық қызметтерін  ұсыну болып табылады.

          Кітапхананың  мақсаттары мен  міндеттері

     Мақсаты: Кітап оқуға деген ынтаны, сүйіспеншілікті оятып, түрлі ақпараттық дерек көздерді іздестіруге және оларды тиімді пайдалануға баулу және өз бетімен білім алуға үйретіп,  оқушыларды өзіне қажетті ақпаратты дұрыс анықтауына, анықталған ақпараттарды талдай отырып ең қажеттісін іріктеп, мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне бейімдеу.

Міндеттері:

  1.  Оқушылар мен педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесіне және

        өздігінен білім алуына кітапхана-библиографиялық және ақпараттық

        қызмет көрсету.      

  • Анықтама-библиография аппаратын, кітаптарды насихаттаудың түрлі формаларын және әдістерін ұйымдастырып, кітапхана қорын толық ашып көрсету.
  • Оқушыларды  кітапхананың тәуелсіз оқырманы ретінде дағдыландыру,

олардың ақпараттық мәдениеті мен оқу мәдениетін қалыптастыру.

  • Өлкетану, туған өлке туралы жазушылардың кітаптарын, әдебиет, өнер саласындағы    қайраткерлердің кітаптарын, мемлекеттік мерекелер мен ірі саяси оқиғаларды насихаттау.
  • Дәстүрлі және жаңа технологияны меңгеру.

Үш жылдық кітапхана кітапхананың  қорының

негізгі көрсеткіштері

№Көрсеткіштердің атауы2022-2023 оқу жылының есебі2023-2024 оқу жылының есебі2024-2025 оқу жылының есебі
1Жалпы кітапхана қоры 381284115947164
2Оның ішінде: оқулықтар300193240738411
3 Негізгі қор810987528753
4Қазақ тіліндегі кітаптар саны625268166816
5оның ішінде: әдістемелік әдебиеттер979797
6Дәстүрлі емес тасушы құжаттар317211211
7Салалық әдебиеттер294129812981
8Көркем әдебиеттер291431723173
10Балалар әдебиеті184022912291
11Мерзімді басылымдар:1500
12оның ішінде қазақ тілінде1100
13оқушылар үшін500
14педагогтар үшін200
15кітапханашылар үшін100

                            Үш жылдық кітапхананың негізгі бақылау көрсеткіштері

р/сКөрсеткіштердің атауы2021-2022 оқу жылының есебі2022-2023 оқу жылының есебі2023-2024 оқу жылының есебі
1Оқушылар саны177617351824
2Оқырмандар саны139312951445
3Келу саны180901165513005
4Кітап беру саны88712331026010
5Оқылуы131818
6Келуі6,399
7Қор айналымы2,22,82,9
8Кітаппен қамтылу26,72928,4
9Оқулықтармен қамтамасыздандыру100100100

Үш жылдық түсім мен шығыстардың көрсеткіштері

 2022-20232023-20242024-2025
Негізгі қор387491
Шығысқа кеткен1481060
Оқулықтар860945546004
Шығысқа кеткен764021660

  Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету туралы деректер 2024-2025 ож

СыныпОқушылар саныОқулықтар жинағыБаспалар% қамтамасыз етуБасылған жылы
1197197Алматыкітап,Атамура, Мектеп,NIS1002021
2242242Алматыкітап,Атамура,1002022
3214214Алматыкітап Атамура, NIS,1002018 2024
4184184Алматыкітап Атамура, NIS, Арман-ПВ,1002019
5164164Мектеп, Атамура, Арман-ПВ,1002017
6208208Мектеп, Атамура, Алматыкітап, Арман-ПВ,Келешек 2030.1002018
7147147Мектеп,Атамура, Арман-ПВ, Келешек 2030.1002017 2024  
8165165Мектеп,Атамура, Келешек 20301002018 2024 
9195195Мектеп, Атамура, Арман-ПВ, Алматыкітап, Келешек 20301002019 2024 
107474Мектеп, Атамура, Арман-ПВ1002019 
116565Мектеп, Арман-ПВ,Атамұра1002020 

             Жыл  сайын жаңа түскен мерзіміне қарай оқулықтармен әдеби кітаптар қабылданып, оларға техникалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Техникалық өңдеу жұмысынан кейін жаңа түскен әдеби кітаптар қорға ББК кестесі бойынша орналастырылу жұмыстары жүргізіледі.

             Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету мектеп директорының бекіткен «Мектеп кітапханасы туралы ережеге» және «Мектеп кітапханасын пайдалану ережелеріне» сәйкес жүзеге асты. Мектеп  кітапханасы  жан-жақты анықтама аппаратының негізінде оқырмандарға сапалы ақпараттық- библиографиялық қызмет көрсетуде. Әр  баланың адамгершілік  дамуын, одан  әрі  дұрыс жолға  қойып тәрбиелеу  мұғалім  мен  ата-анадан  басқа  кітапханашы   да  «әр  оқырман — оқушыны»  жүйелі тәрбиелеп,  қарым-қатынас  жасап  көптеген  жұмыстар  жасалынды.

          Пән апталықтарын, басқа да мектепішілік және сыныптағы іс-шараларға арнап әдебиеттер іріктеу, педкеңестерге, әдістемелік бірлестік отырыстарына, мектептің әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстарда қажетті әдебиеттерді сұрыптауға көмектесу жұмыстары жүргізілді.

             Жаңа түскен кітаптар негізгі құжат жиынтық есеп кітабына жазылады, тіркеу қағаздары бухгалтерияға тапсырылды. Жыл сайын мамыр айында кітапханадан алған басылымдардың дер кезінде қайтарылуын қадағалау жұмыстары атқарылады (қарыз оқырмандармен жұмыс). Айына бір рет әр айдың соңғы күні тазалық күні жүргізіліп отырылады. Түсу мерзіміне қарай жаңа түскен кітаптарға көрме ұйымдастырылып, «Ақпарат күндері» өндірістік жиналыста өткізілді.

      Мектеп кітапханасы  ҚР Білім және ғылым министрінің министрінің  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында  қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесін бекіту туралы»  2020 жылғы 22  мамырдағы  №216 бұйрықпен (жыл сайын осы бұйрыққа өзгерістер енгізіледі: 2021 жылғы 10  маусымдағы  №286 бұйрық, 2022 жылғы 21  маусымдағы  №291 бұйрық , 2023 жылы  3 тамыз №246, 2024 ж 21 мамырдағы №112, 2024 ж 11 наурыз № 60)

1-11 сынып оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етілді.  

         Оқушыларға  оқулықтар 1 жылға  беріледі. Сыныптар бойынша оқулықтарды беру журналына жазылып, сынып жетекшілерге оқушы саны бойынша таратылып, сынып жетекші алғанын растап қолын қояды. Сонымен қатар 1-11 сыныптардағы әр  оқушы  жеке  кепілдік  карточкаларда  оқулықтар  тізімі толтырып және  ата-анасының  қолы  қойылды, кейін кепіл карточкаларының картотекасына орналастырылды.   Оқулықтар  қоры негізгі құжаттарға тіркеліп,  жалпы  мектеп  қорынан  бөлек  сақталады. Оқулықтарды тіркеу карточкаларының картотекасы үнемі редакциядан өтіп тұрады, яғни жаңа түскен оқулықтар карточкаларға жазылып, сынып бойынша қойылады.

       Соңғы жылдары кітап қорын тазарту мақсатында ескірген,  тозығы жеткен әдебиеттерді есептен шығару белсенді түрде жүргізілуде. Осы орайда  жыл сайын мектепішілік  бұйрықпен  тағайындалған комиссия құрамымен  шығынға жазу актілерімен жұмыстар жүргізіледі. Әр жаңа  оқу жылындарға  жетпейтін оқулықтарға қосымша жалпы мектепішілік 100% тапсырыс жасалып,  білім бөліміне тапсырылады.  Қордың сақталуын қамтамасыздандыру мақсатында оқулықтар қорын тексеру рейдтері тоқсан сайын жүргізіледі, сонымен қатар мамыр айында жинаған уақытта сынып жетекшілер, оқушылар, ата-аналардың көмегімен желімдеу және түптеу жұмыстары жүргізіледі.

        Оқырмандармен жұмыс оларды жеке адам ретінде танып білу және олардың ықыласы мен сұраулары арқылы басталады. Абонементте және оқу залында оқырмандарға жаппай қызмет көрсетілді. Оқырмандарға үнемі кітап таңдау барысында көмек көрсетілді, жаңа түскен кітаптар жайлы хабарландырулар жасалды. Тақырыптық сұраулары бойынша әдеби кітаптар іріктеліп, кепілдеме берілді.Оқырмандардың өз бетімен кітап таңдауын меңгеріп, оны әдетке айналдыруына көмектесу жұмыстары жүргізілді. Оқырмандар формулярына танып білу яғни сараптама жұмыстары арқылы «Оқыған кітаптары жайлы ойлар»  атты әңгімелер өткізе отырып, әр оқырманның жеке кітапханаға келу саны мен қанша кітап оқығаны жайлы мәліметтер жазылды.  

         Кітапхана-библиографиялық қызмет көрсетуді есепке алу мақсатында кітапханада «Кітапхана жұмысының күнделігі» толтырылады.  Жұмысымыздың негізгі басымдығы ол кітап көрмелерін ұйымдастыру. Кітапханамызда тұрақты әрекеттегі кітап көрмелері ұйымдастырылған. Атап айтсам:  еліміздің өзекті мәселесіне айналған тақырыптарға келесі тұрақты кітап көрмелері жұмыс жасады, тіл  мәселесіне орай  «Тіл- барлық білімнің кілті» кітаптар көрмесі жұмыс жасайды, бұл көрмеге жаңарту,толықтыру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасын   және мемлекеттік нышандарды насихаттауда «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!», Қазақстанның астанасы Астана қаласына арналып «Еуразия жүрегіндегі жаңа Қазақстан»,  өлкетану жұмысы негізінде  «Туған жер–алтын бесігім» кең көлемді кітап көрмесі.

          Қор жұмысы барысында бухгалтерлік есепті қамтамасыз ету үшін келесі құжаттамалар жүргізіледі: кітапхана қорының жалпы есебі кітабы; оқу қорының жиынтық есебінің кітабы;

— түгендеу кітаптары; « Шығынға жазу актілері» папкасы; «Оқулықтарды уақытша пайдалануға қабылдау-тапсыру актілері» папкасы. оқулықтар мен көркем әдебиеттерге шот-фактуралар; оқулықтарды сыныптар бойынша беру журналы; Мектеп кітапхана жұмысының күнделігі

-оқушы формуляры (жеке оқушылар мен мұғалімдер үшін).

        Мектеп кітапханасының әлеуметтік желілерде: aksu_abai_mektep_kitaphanasyатты инстапарақшасы  2020 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс жасауда.  Сонымен қатар Ютуб каналын аштық 2021 ақпан айына жұмыс жасайды. Жыл бойы өткізілген  барлық іс-шаралар мен материалдар осы инстапарақшасында жарияланып тұрады.

Навигация по записям

❮ Previous Post: «Балалар кітапханасы» бағдарламасын және көркем әдебиеттің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітаптар тізімі
Next Post: Приказ на учебники №60 от 11марта 2024г. ❯

Мектеп жұмысы

  • НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР
  • АШЫҚ БЮДЖЕТ
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР
  • АШЫҚ БЮДЖЕТ
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Copyright © 2025 Абай атындағы мектеп.