«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі 2 наурыз күні 9–11 сынып білім алушылары арасында мектептің ішкі тәртібі, құқықбұзушылықтың алдын алу және кешкі уақытта жүру тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болды.
Мектептің ішкі тәртібі – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы білім алуына және тәртіп пен мәдениеттілікті сақтауға бағытталған ережелер жиынтығы. Аталған ережелерді сақтау – әрбір оқушының міндеті. Түсіндірме барысында оқушыларға мектеп аумағында және одан тыс жерде өзін-өзі ұстау мәдениеті, сабаққа уақытылы қатысу, мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарау, киім үлгісін сақтау және қоғамдық орындардағы тәртіп талаптары жөнінде нақты ақпарат берілді.
Іс-шара барысында мектеп инспекторлары Курмангалиева Л.Ж. мен Куан Рауангул кешкі уақытта жүрудің жауапкершілігі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қойылатын шектеулер, құқықбұзушылықтың салдары туралы кеңінен түсіндірді.
