Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасының жылдық жоспарына сәйкес «Жақсылық жасап жарысайық» атты челлендж ұйымдастырылды.
Аталған игі шараға Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6”б” сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, ұйымшылдық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Челлендж барысында оқушылар қайырымдылық акциясына атсалысып, мұқтаж отбасыларға қолдау білдірді. Нәтижесінде көптеген жанұяларға нақты көмек көрсетіліп, олардың алғысына бөленді.
Мектеп ұжымы, ата-аналар және оқушылар бірлесе отырып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік табыстады.
Жиналған барлық көмектер өз иелеріне жеткізіліп, мейірім мен қамқорлықтың нақты көрінісіне айналды.
Жақсылық жасау — жүректен шығатын ізгі іс. Осындай бастамалар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың артуына ықпал ете берсін
