Профорентация бойынша өткізілген кездесулер.
Ақпан айы
27-ші ақпан күні мектебімізге 9-11 сынып оқушыларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсу бағдарламасы бойынша оқуға шақырды. 9-11 сынып оқушыларына оқуға түсу үшін қойылатын талаптармен қабылдау кезеңдері туралы толық ақпараттар берілді және оқуды аяқтаған соң жұмыспен қамтылып, полиция лейтенанты атағы берілетіні туралы айтты. Өткізген: Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Баймбет Алмас Айтмухаметұлы, осы бөлімнің тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы полиция майоры Сагалиева Сауле Қадырбекқызы, және жедел криминалистикалық тобының аға криминалисті полиция қатардағы Такежанов Алихан.
https://www.instagram.com/reel/DGm2EHDM5df/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде 9-11 сынып оқушылармен кездесу барысында «Қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдары», «Жалған қоңырау», «Мектепте оқушылардың арасында буллингті алдын алу мәселелері» тақырыптарында түсіндірме жұмысын өткізді.
Қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі заманғы электронды бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірілді. Жалған қоңырау шалсаңыз, жауапкершілікке тартыласыз!
Алайда бүгінгі күнде аталмыш нөмірге қоңырау шалу еркелік пен ойынға айналуда. Жалған қоңырауды екі топқа бөлуге болады: «қателікті» және «әдейі».
Мамандандырылған қызметтерді «жалған», «әдейі» шақыру заң бойынша жазаланады. Осыған байланысты, арнайы шұғыл қызметтерді телефон арқылы жалған шақыру, басқа мақсаттар үшін пайдалансаңыз, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз.Адамдар арасында өзін басқа адамнан күшті санап зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқыныш үрей туғызып, өз дегеніне мәжбүрлеу бүгінгі күнде қоғамда буллинг деген атаумен кеңінен таныс. Кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай үйінде, көшеде, оқу орнында немесе жұмыс орнында тағы да басқа жерлерде буллингке ұшырауы мүмкін. «Мектепте оқушылардың арасында буллингті алдын алу мәселелері» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары жоғарғы деңгейде өтті.
Өткізген: Ақсу қаласы полиция бөлімі тәрбие жөніндегі кадр саясаты тобының аға инспекторы полиция майоры Сагалиева Сауле Кадырбековна. Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Баймбет Алмас Айтмухаметұлы. Ақсу қаласының полиция бөлімі жедел криминалистикалық тобының аға криминалисті полиция қатардағы Такежанов Алихан.
https://www.instagram.com/p/DGm1xzDM9GS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
27 ақпан 2025жылы Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжден кәсіптік бағдар бойынша Нурпеисова Мергуль Алжахановна оқытушы, Хукмет Асемгуль мастер” 14 мамандықтарымен таныстырып” оқуға түсуге шақырады.
https://www.instagram.com/p/DGklVEYMd4b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ата-аналар мен оқушылар назарына! Павлодар монтаждау колледж профориентация бойынша
https://www.instagram.com/p/DGASWOYspJy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ата-аналар мен оқушылар назарына! Павлодар технологиялық колледж профориентация бойынша
https://www.instagram.com/p/DGASkMisL4J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
11.02.2025 мектебіміздің оқушыларымен ҚӘӘ институтының курсанты Абылқасым Нұрсұлтан ҚР Қорғаныс Министрілігінің жоғары әскери оқу орындары туралы үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында әскери институт туралы толық ақпарат берілді
https://www.instagram.com/p/DF7QUGMIGP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




