«Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі»КММ
2024-2025 оқу жылдары аралығында кәсіптік бағдар беру жұмысының атқарылған іс-шаралары туралы
АНЫҚТАМА
Мақсаты:
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Оқушының белгілі бір қызмет түрлеріне қабілеттері мен бейімділігін анықтау арқылы болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт бағдар беру.
Міндеті:
- Оқушылармен кәсіптік бағдар бағытында диагностика жүргізу.
- Оқушыларға оқытудың бейіндік бағытын таңдауда және кәсіп таңдауда консультация беру.
- Кәсіптік бағдар беру жұмысы мәселелері бойынша ата-аналар мен ұжымды үйлестіру.
Жыл сайын «Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша» 9 — 11 сыныптармен кәсіптік бағдар беру бойынша жоспар құрылып жүзеге асырылады. Онын ішінде оқушылардың болашақ мамандығын анықтау мақсатында түрлі диагностикалық әдістемелер өткізіледі:
1.“Қабілеттілік” әдістемесі — 4, 5 сыныптарға арналған. Оқушылардың қызығушылықтарын анықтау мақсатында өткізіледі. Әдістеме 9 бағыт бойынша 45 сұрақтан тұрады. (Бағыттары: дене шынықтыру, ұйымдастырушылық, математика, техника, әртистік, коммуникативтік, музыка, бейнелеу және әдебиет). Әр бағыт бойынша оқушыларға түсінік беріледі.
2. 9,10,11 сынып оқушылары арасында Д. Голланд әдісі “Жеке адамның типін анықтау”. Кәсіби – тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау үшін қолданылады. Ол тұлғаның 6 типін бөліп көрсетеді. (Реалистік тип, Зияткерлік тип, Әлеуметтік тип, Конвенциалды тип, Іскер типі, Әртистік тип). Әр тип туралы оқушыларға түсінік беріледі. Жалпы диагностика бойынша 9-сынып 50 оқушы, 10 – сынып 73 оқушы қатысты.
9,10,11 сынып оқушылары «Мамандық туралы» әңгіме-сұхбат өткізілді.
Ақсу қаласының Абай жалпы орта білім беру мектебінде 1-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша көптеген іс-шаралар мен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу жылынан бастап ата-аналар мен оқушыларға кәсіби бағдар бойынша кеңестер берілді.
Жыл сайын қараша айында қүзгі демалыс кезінде мектебімізде Педагогикалық кеңес өтеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Павлодар облысы бойынша «Қосақ» шекаралық бақылау бөлімшесі (автомобиль) бастығының орынбасары лейтенант А. Б. Балықбаев кәсіптік бағдар беру сағатын жүргізді. «Менің туым» жобасы өткізілді. 9-11 сыныптан 145 оқушы қатысты.
https://www.instagram.com/p/C_XVCn9tOhP/?igsh=ZjR1MjF5amNhaHRt
ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Павлодар облысы бойынша «Қосақ» шекаралық бақылау бөлімшесі (автомобиль) бастығының орынбасары лейтенант А. Б. Балықбаев кәсіптік бағдар беру сағатын жүргізілді. 9-11 сыныптан 162 оқушы қатысты.
https://www.instagram.com/reel/C_vW-L8tnIt/?igsh=ejZudmR4cWc1dDlo
Ақсу және Май аудандарының біріктірілген бөлімінің қызметшілерімен «Рақымжан Қошқарбаев -Рейхстагқа ту тіккен қаһарман» тақырыбында ерлік сабағын өткізілді өткізілді. 9-11 сыныптан 201 оқушы қатысты.
https://www.instagram.com/p/DBJNgdEN9pg/?igsh=MWd4bnMxd24ybjJhbg==