2022-2025 оқу жылдарында Абай ЖОББМ тәрбие жұмысын іске асыру
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары: — Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы; Қазақстан Республикасының
- Конституциясы; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы No 345 Заңы; «Білім туралы»
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі No 319 Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы No 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 –2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие
бағдарламасын» бекіту туралы
- 2023 жыл 19 қыркүйек No 294 бұйрығы; ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы No 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы ҚР БҒМ 01.10.2018ж No525 бұйрығымен бекітілген.
Абай жалпы орта білім беру мектебі бойынша 2022-2025 оқу жылдарында әр жыл сайын тәрбие жұмысының жылдық жоспары жасалынып, бекітіледі. 2022-2023 оқу жылы, 2023-2024 оқу жылы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 130 бұйрығы негізінде құрастырылды. 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің № 194 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде «Біртұтас тәрбие» бағдарлама енгізілді.
Басшылыққа алынған тәрбие жұмысының басым бағыттары:
1.Қазақстандық патриотизм, азаматтық, құқықтық тәрбие
2.Рухани – адамгершілік тәрбиесі
3.Отбасы тәрбиесі
4.Ұлттық тәрбие
5.Көпмәдениеті көркем және эстетикалық тәрбие
6.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты
7.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
8.Зияткерлік тәрбие – ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
Жалпы орта білім беру мектептің тәрбие мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялықпедагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
7.Білім беру ұйымында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінезқұлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Мақсатқа жету келесідей мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылады:
— Оқушылар бойында азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті арттыра отырып, адами және рухани адамгершілік қасиеттері мен ұстанымының дамуына жағдай жасау;
-Өз елінің, мектебінің, айналасындағы адамдардың әл-ауқатына қамқорлық көрсететін азаматтық-патриоттық жағдайды, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру;
-Моральдық тәрбие, оның нәтижесі — жалпыадамзаттық мораль нормаларын, қарымқатынас мәдениетін меңгерту;
-Оқушылардың табиғи дарыны мен қабілетін дамыту,өнер түрлеріне баулу;
-Еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыру, шығармашылық жұмысқа деген қызығушылығын дамыту;
-Заңға және қоршаған адамдардың құқықтарына деген құрметке негізделген ұжымдық өмір нормаларын сақтау;
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық өзін-өзі жетілдіру және дамыту.
Мектептің жаңа оқу жылына арналған тәрбие жоспары тамыз айында педагог — психолог, әлеуметтік — педагог, педагог-ұйымдастырушы бірге отырып, аталған ережелер мен құқықтық- нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жасайды.
Тәрбие жұмыстары сынып жетекшілер бірлестігінің, «Жас ұлан» балалар ұйымының жұмысы, педагог-психологтың жұмысы, сынып жетекшілер және үйірме сабақтары арқылы жүзеге асады. Тәрбие жұмысына отбасын, білім беру ұйымын, қоғам қайраткерлерін тарта отырып біріккен түрде жүргізген тиімді. Тәрбие жұмысы отбасы, мектеп, қоғам тығыз байланыста болып жүргізген жағдайда ғана сапалы болмақ.
Тәрбиеленушілерге сапалы білім саналы тәрбие беру үрдісіне барлық ұжым мүшелері қатысады. Ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, төмендегі тәрбие бағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырылды. Олар:
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
- Рухани- адамгершілік тәрбие
- Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру
- Мектептегі отбасылық тәрбие
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
- Зияткерлік тәрбие құндылығы
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Тәрбие жұмысының мазмұны адамдық қасиеттерді (сенім, шындық, еркіндік, қайырымдылық, қамқорлық, махаббат т.б.) және ұлттық қасиеттерді (тәуелсіздік, патриотизм, ана тіл, заңға бағынушылық, ұлттық мәдениет, салт дәстүр т.б.) тәрбиеленушілердің бойына сіңіруде көрінеді.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты:
-оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру,
-өзін-өзі анықтауға және тәрбиелеуге,
-шығармашылық қабілетін ашуға,
-гуманитарлық және рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердің бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық және
жалпы мәдениет, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетін дамыту, өзінің икемділігін анықтауға бағытталған. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оң нәтижеге жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру керек:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру;
- Жас өспірімдердің бойында азаматтық – патриоттық сезімін, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Оқушылардың бойында ағзаға зиянды заттардан аулақ болу мінезін қалыптастыру;
- Оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу;
- Балалар ұйымы «Жас ұлан» және «Жас полиция көмекшілері», «Жас сақшылар» клубының жұмысы арқылы балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту және қолдау;
- Сынып жетекшілермен әдістемелік жұмыс ұйымдастыру;
- Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;
- Жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру;
- Сынып ұжымын қалыптастыру, тәрбие жұмысын сынып ұжымында жүзеге асыру:
Тәрбие жұмысының 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдарына арналған жұмыс жоспары жасалып бекітілді.
Барлық бағыттар бойынша тәрбие жұмысында сынып сағаттары, дөңгелек үстел, әңгіме, кездесу, үйірме және секция жұмыстары, саяхаттар т.б. негізінде жүзеге асырылады.
Оқушыларға ұлттық тәрбие беру. Мақсаты: жеке тұлғаны ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарға, мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан халқының мәдениетін құрметтеуге бағыттау. Ұлттық тәрбиеден нәр алған ұрпақ рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, биік дәрежеге көтеріледі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жоспары жұмыс атқарылды.
Атап өтер болсақ «Абай ат. жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 – 2023 оқу жылында атқарылған тәрбиелік іс-шаралар бойынша ақпарат жасалды.
2022-2023 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысына талдау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» мен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, сынып жетекшілер отырысында талқыланып, бекітілді. Сынып жетекшілер тұжырымдаманың 8 бағыты бойынша жұмыс жүргізіп отырды.
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
- Рухани-адамгершілік тәрбие
- Ұлттық тәрбие;
- Отбасылық тәрбие;
- Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие;
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру Тәрбие жұмысының деңгейін көтеруде 2022-2023 оқу жылында пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен семинарлар, директор жанындағы кеңестер, тоқсандық пед.кеңестер өтіліп отырды.Тәрбиенің 8 бағыты және қосымша бағыттар бойынша тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жылдық жұмысы бойынша мектеп оқушылары мектеп өмірінде пәндер бойынша түрлі қосымша сабақтарға, түрлі сайыстар мен жарыстарға қатысты.
1. Оқушыларға Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру.
Мектебімізде қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Мектебімізде 1қыркүйекте Білім күніне орай алғашқы қоңырау салтанатты кеші өтті. Биыл мектебімізге бірінші сыныпқа 216 оқушы қабылданды. Білім күнінің бірінші сабағы, алғашқы қоңырау салтанаты аяқтала салысымен, 1-сынып оқушыларының «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты тәрбие сағатымен жалғасты. Мектебімізде облыстық «Менің туым» жобасының бірінші кезеңі аясында 2022 жылдың 1қыркүйек салтанатты жиында Мемлекеттік Ту еңгізілді. «Білімге ұмтылу , еңбек сүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн ақциясы аясында «Біздің мектептегі бірінші күніміз» ,«Менің саяхатым»,»Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Менің жарқын жазғы оқиғаларым» «Менің ойларым,армандарым ,үміттері «,»»Менің мектептегі алғашқы күнім «,»Жаңа оқу жылы құтты болсын,менің сүйікті сыныбым»»Маған мектеп формасы ұнайды!», атты тақырыбындағы бейнебаяндар түсірілді.Білім күніне 1-11 сыныптар аралығында «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және отаншылдық»атты тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мектепте «Ерлік » сабағын Ақсу және Май ауданындарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығының орынбасары капитан Ахметжанов Абылай Уланович жүргізді. Мектебімізде «Тұнғыш Президент» күніне орай жоспар бойынша бірнеше жоспар бойынша іс шаралар өтті.»Тұңғыш президенттің республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи маңызы» пікір алмасу отырысын тарих пәні мұғалімі Рамазанова Ж.С. 11 сынып оқушыларымен өткізді. Мектеп кітапханасында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Басшының өмірбаяны — ел тарихы» тақырыбында кітап көрмесі рәсімделді. «Тұңғыш Президентпен тәуелсіздіктің алғашқы қадамдары» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Конырханова Ж.К. 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. «Менің елім-менің мақтанышым» тұңғыш президент күніне арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Мектебімізде 10 желтоқсан күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылдың 10 желтоқсанында Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясын қабылдау және жариялау құрметіне таңдалып алынған іс-шаралар өткізілді. 1-11 сыныптар аралығында «Халықаралық адам құқықтар күні» ақпараттық сынып сағаттары өткізілді. «Менің Қазақстаным» сурет көрмесі өткізілді. 12 желтоқсан күні «Туған өлкем мақтанышым» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. 4«Ә» Бақытбекқызы Кәусар 2-орын, 4 «Б» Каримов Мади 2орын , 4 «В» Жиенбекова Амина 3-орын, 4 «Е» Ахмедьянова Алуа 3-орын , 4 «Ж» Тоқтар Айсезім 3-орын , 1«А» Дүйсенахмед Диас 2-орын, 1«Ә» Асанбек Інкәр 1-орын, 1«Б» Исмаил Амира 1-орын, 1 «В» Армия Алим 1-орын, 1 «Ғ» Хуан Кәусар 2-орын,1 «Д» Қанаш Алуа 3-орын,1 «Ж» Муратова Жансая 3-орын. «Менің Отаным — Тәуелсіз Қазақстан» викториналық сайысы өтті. 2 сыныптар арасында өткізілген «Біз үлкен елдің кішкентай тұрғындарымыз» тәрбие сағаттары өтті.13 желтоқсан күні мектебімізде 2 және 5 сынып оқушыларын «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті. Жиын барысында Жас Ұлан ұйымының туы кіргізілді,»Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау анты айтылып, әнұран орындалды.14-желтоқсан күні 211 сынып оқушылары арасында «Шахмат»сайысы өтті. 16 сынып қатысты. Жалпы 58- оқушы. Облыстық «Менің туым» жобасының 2 кезеңінің «Отан туым» науқанына бастауыш сынып оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 13 желтоқсанда мектебімізде «Ақсу қаласының даму тарихы -Тәуелсіз Қазақстанның тарихының даму тарихы» атты тақырыпта ауған соғысының ардагер жауынгері Егимбаев Асет Тулеугалиевичпен кездесу өтті. орай 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілген
«МЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты облыстық шығармашылық байқауының «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясының жеңімпазы Егенбай Хамза ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. «Отанды сүю — жүректен» тақырыбында 10- сынып оқушылары шығарма жазды. 6,7,8,10 сынып оқушылары арасында «Еліміздің рәміздерін құрметтейік» атты сынып сағаты өтті. «»Рәміздер мақтанышым» тақырыбында викторина өткізілді. 5-6 сынып аралығында «Рәміздер -рухымыз, ар ожданымыз» сынып сағаты өтті. «Рәміздер мақтанышым» атты тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. » Елдіктің ерен белгісі — рәміздер» интеллектуалдық ойын сағаты өтті.Жоспарға сәйкес 8 сынып оқушыларымен «Репрессия құрбандары» атты сынып сағаттары өткізілді. 9-сынып оқушыларымен «19371938 жылдардағы репрессияға ұшыраған көрнекті ақын жазушылары» танымдық сағаттары өтті. 10-сыныптарда «1920-30 жылдардағы репрессиялар: ұлттық зиялылардың саяси құғынсүргінге ұшырауы» ақпараттық сағаттары өтті. 7-мамыр «Отан қорғаушы күні!» орай іс шаралар өтті.10 сыныптар арасында «Саптық ән байқауы» өтті. 7 сыныптар аралығында «Мен еліме қызмет етемін» квест-ойыны өткізілді. 8 сыныптар арасында «Еркін елдің ұланымыз» патриоттық өлеңдер оқылды . 7- мамыр күніне орай 9- сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны»сайысы өтті. 5″Б» сыныбында «Ел тірегі-сарбаздар» атты тәрбие сағаты өтті. Отан қорғаушылар күніне орай 2-4 сынып оқушылары арасында «Күшті, икемді» спорттық эстафета өтті. 9-мамыр «Жеңіс күні» күніне орай 1 сынып оқушылары «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» атты сурет көрмесіне қатысты. «Атамның жеңісі!» фотоголереясы ұйымдастырылды.. 1сынып оқушылары «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» атты сурет көрмесіне қатысты. 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс үшін рахмет» атты тақырыбында 5сынып арасында сынып сағаттары өткізілді 6″в» сыныбында » М.Маметоваға — 100 жыл» тәрбие сағаты өтті. 8″а» сыныбында » Ел тірегі -сарбаздар»атты тақырыбында сынып сағаты өтті. 7″в» сыныбында «Т.Бигельдинов-100жыл»тақырыбында сынып сағаты өтті. 8″ Ә» сынып жетекшісі сыныбымен 9 мамыр Жеңіс күніне орай батыр, жауынгер атамыз «Талғат Бигельдиновке 100 жыл» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 9-10 сыныптар арасында » Сұлтан Бейбарыс -800 жыл» тәрбие сағаттары өткізілді.
Саяси – құқықтық тәрбие беру «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс шарасы жоспарланып, қараша айының 10-нан бастап қараша айының 20-на дейін басталды. Өткізілген іс – шаралар жоспар бойынша бекітіліп өтті. «Бала құқығы –адам құқығы» ай бойы кітап көрмесі ұйымдастырылып отырды.«Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық науқан бойынша 1-11 сыныпарында өткен «Бақытты отбасы — зорлық-зомбылықсыз әлем» атты тәрбие сағаттары өтті. «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік жұмыс жоспарына сәйкес «Құқық сабағы — өмір сабағы» атты танымдық сағаттары өтті 6-8 сынып аралығында.«Қатыгездікке жол жоқ!» ақапарттық сағаттары 9-11 сыныптар арасында өткізілді. Облыстық «Құқықтық лайфхак» «Бақытты балалық шағым-бұл менің құқығым» бейнероликтер байқауына мектебіміздің 10 «Б » сынып оқушысы Солтангазинова Аида және 9 «Ғ» сынып оқушысы Сагит Аяжан қатысты.Бұл байқау кәмелетке толмағандар арасында өскелең ұрпақтың құқықтық және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 9-11 сынып арасында Мектеп психологтары «Отбасылық жазалау» тақырыбында сауалнамалар алды және «Мен және менің құқығым» тренинг өткізілді.»Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық онкүндік жұмыс жоспарына сәйкес «Бала құқығы-адам құқығы» ай бойы кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-5 сынып арасында «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тәрбие сағаттары өтті.10 сынып оқушыларымен «Құқығым бар» тақырыбына жазған эссе жұмыстары өтті. «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік жұмыс жоспарына сай 1-11аралығында «Менің елім — Қазақстаным» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 1-5 сыныптарда «Әр баланың құқығы бар» әңгіме сағаттары өтті. «Құқық сабағы — өмір сабағы» атты тақырыбында 6-8 сыныптарда кездесу өткізді. 2-3 сыныптарда «Әр баланың құқығы бар» сурет байқауы өткізілді. 4-сыныптарда «Өмір ағашы. Менің щежіремнің тарихы»атты тақырыбында өтті. Мектебімізде «Адалдық сағаты» тақырыбына байланысты іс шаралар өтті. Облыстық «Құқықтық лайфхак» «Бақытты балалық шағым-бұл менің құқығым» бейнероликтер байқауына мектебіміздің 10 «Б » сынып оқушысы Солтангазинова Аида және 9 «Ғ» сынып оқушысы Сагит Аяжан қатысты. 9-11 сынып арасында Мектеп психологтары «Отбасылық жазалау» тақырыбында сауалнамалар алды және «Мен және менің құқығым» тренинг өткізілді. 10 сынып оқушыларымен «Құқығым бар» тақырыбына жазған эссе жұмыстары өтті. «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік жұмыс жоспарына сай 1-11аралығында «Менің елім — Қазақстаным» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 2022-2023 оқу жылына жұмыс жоспар бекітілді. «Парасатты азамат» бұрышы құрылды. «Адал Ұрпақ» мүшелерін сайланды. Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының ролі туралы сыныптың ата –аналар жиналысы өткізілді. «Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында шығарма жазылды. Қазан айында «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» видеоролик түсірілді. Қараша айында «Адал және сатылмайтын еңбек образы» сурет сайысы болды. Желтоқсан айында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» ойын өтті.Қаңтар айында «Қылмыс пен жаза» тәрбие сағаты өткізілді.Ақпан айында «Жемқорлыққа жол жоқ» видеоролик түсірілді. Наурыз айында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы » флешмобқа қатысты. Наурыз айында «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» эссе жазды.Сәуір айында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» волейбол ойыны ұйымдастырылды. Сәуір айында «Өз мамандығымды таңдаймын» тәрбие сағаттары мен кездесулер болды.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
«Дос болайық бәріміз» атты тақырыбында мектеп психологі Искакова Д.Г тренинг жаттығу өткізді. Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығынан Асанбаева Зайда Омарбековна «Тұрғындардың рухани қауіпсіздігі» бойынша дәріс оқыды. Оқушыларға республика аумағындағы тыйым салынған түрлі діни ағымдағы ұйымдар жайлы түсіндірмелі-ақпараттық мәліметтер берілді. Бейнебаяндар көрсетілді. Оқушыларға жадынамалар таратылды. «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен 2-сыныптар оқушылары үшін «Әжелер ертегісі» атты танымдық тәрбие сағаты өтті. Әжелер мен аналар мектебі» мүшелерінің қатысуымен 2-сыныптар оқушылары үшін «Аяулы аналар, сүйкімді қыздар» атты аналар мен қыздар арасында сайыс өтті. Газет бетіне мақалалар жарияланды. Ақ жол газеті, 3 наурыз 2023 ж № 9 баспасында жариланды.
3.Ұлттық тәрбие
Мектебімізде 2-сынып оқушылары арасында «Ата- баба дәстүрі» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша: 1-жүлделі орынға ие болған 2″Ә» сынып оқушысы Кадирбекқызы Диана, 2-орынға Нығымет Алуа 2″Е» сынып оқушысы, 3-орынға Ақжол Кәусар 2″А» сынып, 3-орынға Абишева Айзере 2″Г» сынып оқушылары ие болды. 3-4 сыныптар арасында «Асық ату» жарысы өткізілді. 2-сыныптар арасында ашылған «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен «Әже тағылымы-тәрбие бастауы» атты шеберлік сағаты өтті. Шараға 2 «А»сыныбының оқушысы Теміртас Томиристің әжесі- Тұяқбаева Салима әжей және 2 «Ғ» сыныбының оқушысы Оспанова Айсананың әжесі — Оспанова Раушан әжей қатысты. Балалар жылы 2022″ республикалық науқанға орай мектебімізде «Құлақтан кіріп бойды алар» атты музыкалық-шығармашылық сайыс өтті. Сайысқа 3-6 сынып оқушылары қатысты. Әр қатысушы «Жезтаңдай әнші», «Күміс-көмей әнші», «Әнші балапан», «Үздік күйші» номинациялары бойынша марапатталды. «Қайырымды Ұлт» жалпыұлттық қайырымдылық «Бес саусақ, бір бауырсақ» акциясы өтті. Шымырлық пен шеберлік күніне орай денешынықтыру пәнінің мұғалімі 5-6 сынып оқушыларымен «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынын ойнатты. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға орай “Домбыра” атты челленджді Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінен қабыл алдық. Осы “Домбыра” атты челленджді №4 жалпы орта білім беру мектебіне жолдады. «Taqıa Fashion Week» жобасын жүзеге асыру мақсатымен технология мұғалімі Аширова Н.А.
«Қызғалдақ» қыздар клубының қыздарымен ұлттық бас киім тақия тігуден шеберлік сағатын өткізді. 2″Ә» сыныбында «Наурыз -жыл басы» атты сынып сағаты өтті, ата-аналарын қонаққа шақырып , ұлттық ойындар ойнады,үлкендер балаларға баталарын берді. Наурыз балалар үшін басты мереке. 1″Б» сыныбында «Наурыз -жыл басы» атты сынып сағаты өтті, ата-аналарын қонаққа шақырып , ұлттық ойындар ойнады,үлкендер балаларға баталарын берді. «Наурыз-ұлыстың ұлы күні» атты сурет көрмесіне 7-8 сынып оқушылары қатысты.
4. Отбасылық тәрбие.
«Отбасы – бақыт мекені» жоспар бойынша іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді. Мектебімізде Қазақстан отбасы күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сай 1-4 сыныптар арасында «Менің отбасым»,»отбасы ағашы» фотогалареясы және 1-6 сыныптар арасында «біздің тату отбасы»фотоколлажы ұйымдастырылды. Оқушыларымыз отбасындағы бақытты сәттерінің бірімен бөлісіп белсенділік танытты. Барлық жұмыстар бір видеороликке жинақталды.Отбасы күніне арналған бір қатар іс-шаралар өтті. Бастауыш сынып оқушылары «Менің отбасым» атты суреттер байқауына белсенді қатысты. Сонымен қатар «Отбасы ағашы», «Біздің тату отбасы» атты фотоколлаж, фотокөрмесі ұйымдастырылды. Сабақтар отбасының өмірлік идеалы туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал етті. Барлық өткізілген іс-шаралар тақырыпқа сәйкес болды
5. Еңбектік, экономикалық және экологиялық тәрбие
«ЭКО бум» облыстық жобасы – өскелең ұрпақты туған жердің қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына қамқорлық жасау дәстүрінде тәрбиелеу мақсатында құрылды. Жоба Павлодар облысының өскелең ұрпақтары мен тұрғындары арасында экологиялық білім мен дағдыларды, патриоттық сезімді, өз жеріне, өз ауылына, қаласына, аймағына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған. Жоба негізі бірнеше акцияларды қамтыды. «Күз сыйы» акциясы. Іске асыру мерзімі: 2022 жылғы 1 қыркүйек — 15 қазан. «Жақсылық жаса» пластикалық қақпақтарды жинау акциясы. Мерзімі: 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін. «Қолданылған аккумуляторлар мен ПВХ өнімдерін кәдеге жарату» акциясы. Мерзімі:
3.10.2022 — 10.10.2022 «Экодаму» акциясы. Мерзімі: 2022 жылғы 14 қараша — 20 желтоқсан.Қатысушылар: 5-11 сыныптар. «Құстарға арналған кафе» акциясы. Мерзімі: 2022 жылдың 1 желтоқсаны, аяқталуы – 2023 жылдың 27 ақпаны. «Жасыл супермаркет» өңірлік конкурсы қараша айында өткізілді. «Табиғи витаминдер» акциясы – үй жағдайында микрожасыл өсіру. Мерзімдері: 2023 жылдың 12 наурызы — 12 сәуірі. Қатысушылар: 1-11 сыныптар.«Мектеп гүл бақшасының көшеттері» акциясы. Жобаның барысында қатысушы оқушылардың бойында экологиялық білімі дамып және туған өлкенің табиғатына құрметпен қарай бастады; балалардың шығармашылық әлеуеті және зерттеушілік қасиеттері дамиды.
6. Интеллектуалдық тәрбие және ақпаратық мәдениет
«Менің кіші Отаным» Жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсы облыстық кезеңінің ІІ дәрежелі диплом жүлдегері 10-сынып оқушысы Калиакпарова Асылжан. 10 Мектеп кітапханасында Республика күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан -ұлы дала елі» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстарын көпшілікке таныту. Көрмеге қойылған басылымдар оқырмандарға мағлұматтар беруге бағытталған. Балалар шығармашылық үйінде Балалар жылына орай Балалар шығармашылығының аймақтық фестиваль-конкурсы «Ақсу толқыны» өтті. Мектебіздің шығармашыл оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Балалар жылына орай 6сынып оқушылары арасында «COLOR PARTY» түрлі-түсті ойын-сауық кеші өтті. Ойынсауық барысында әр сынып өз түстерін қорғап, түрлі тағамдар дайындады, заманауи би жарысын ұйымдастырды. Ойын-сауық кезіндегі тапсырмалар әділ-қазы алқаларымен әділ бағаланып, орындармен және белсене қатысқаны үшін деген мадақтама грамотасымен марапатталды.
7. Көп мәдениеттілік және эстетикалық-шағармашылық тәрбие
Балалар шығармашылығының аймақтық фестиваль-конкурсы «Ақсу толқыны» вокалсоло номинациясы бойынша І орын алғаны үшін Қуатова Жанель дипломмен марапатталады.
Балалар шығармашылығының аймақтық фестиваль-конкурсы «Ақсу толқыны» вокал-дуэт номинациясы бойынша ІІІ орын алғаны үшін Жақып Нұрмұхаммед пен Есенжол Назкен дипломмен марапатталады. Балалар шығармашылығының аймақтық фестиваль-конкурсы «Ақсу толқыны» аспаптық жанр номинациясы бойынша І орын алғаны үшін Жанабаева Жансара дипломмен және аспаптық жанр -ансамбль номинациясы бойынша «Жас домбырашылар» сертификатпен марапатталады. 2″Д» сынып оқушыларымен «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз» тақырыбына суреттер көрмесі өтті. Сынып жетекшісі: Досбергенова Г. Е. 2″В» сынып оқушысы Шайкенов Рахим «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» тақырыбына сурет салды. Сынып жетекшісі: Кабдуллина Д. С. Мектебіміздің оқушылары халықаралық би сайысына қатысып «Бас жүлде» ұтып алды! Абай мектебінде 10 сыныптар арасында «Саптық ән байқауы» өтті. Байқау нәтижесі бойынша:1 орынды-10 «а» сыныбы, 2 орынды-10 » ә» сыныбы, 3 орынды — 10 «б» сыныбы. 3 «Ә» сыныбында өткен 1-мамыр Бірлік күніне арналған сынып сағаты.Сынып жетекшісі: Мадина Кайратовна. 7 сыныптар аралығында «Мен еліме қызмет етемін» квест-ойыны өткізілді. 5,7,8 сынып оқушыларымен «Қоғамдық жерлерде өз-өзін мәдениетті ұстау» ақпараттық- түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 5,6 сынып оқушыларымен «Қоғамдық жерлерде өз-өзін мәдениетті ұстау» ақпараттық- түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 8-9 сынып оқушыларымен «Қоғамдық жерлерде өз-өзін мәдениетті ұстау» ақпараттық- түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы қатысқан оқушы саны-1671.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. 9-11 сынып оқушылары арасында, мектеп спорт залында достастық футбол ойыны өтті. Өткізген: Нурумов Д.А. , Шуахбаев Р.Н. 5-6 сынып оқушылары арасында, мектеп аумағында шаңғы тебу өтті. Өткізген: Ермұрат З. , Рахимов Е.Е. 04.01.2023ж. мектебімізде 1 сынып оқушылары арасында қалалық «Әке, ана және мен» атты спорттық іс-шара өтті. Спорттық іс-шараға 8 оқушы өз ата-аналарымен қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Тоғызқұмалақтан Павлодар облысының командалық чемпионатында:Ақсу қаласының құрама командасы 2 орынды иеленді.Ақсу ауданының құрама командасы 3 орынды иеленді. Қабанбай батыр атындағы облыстық «Жас сарбаз»мектеп-лицей-интернатының базасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық жарыс өтіп, Ақсу қаласының командасы, қалалар арасында 2-орынға ие болды. Біздің мектебімізден Қайыр МейірханДоспанбетов Дамиржан қатысты. Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин мектебінде <Жас Сарбаз> атты әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті сол жарыста Абай атындағы мектебінің командасы :Кермеде тартылу — 2орын.Автоматты бөлшектеп жинау — 3 орын .ЖӘҚЖ кию — 2 орын .Шаңғы жарысы-2 орын.Пневматикалы| қарудан оқ ату-3 орын .Жалпы командалық есепте 2 орынға ие болды! 18-28 наурыз күндері Тараз қаласында Тоғызқұмалақтан юниорлар мен жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның 3 қаласы мен 17 облысынан 400 дей спортшы қатысты. Бұл чемпионатқа біздің БЖСМ-нен
Болатханова Айдана қатысып, келесі нәтиже көрсетті 17 жас қыздар арасында блиц түрінен 3-орынға ие болды. Облыстық алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыұйымдастырушылары арасында өткен «Пневматикалық мылтықпен ату»жарысында қалалар арасында 30-39 жас аралығында ІІІ орынға ие болған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Агумбаев Данияр Нурлыбекович марапатталды. 1,2 сәуір күні И.Құптанұлы атындағы спорт сарайында қала мен ауыл мектептері арасында «Бес тас» және » Алтын сақа» спорт фестивалі өтті. Тартысты додада үш команда озып финалға шықты. Біздің мектептің атын қорғаған 6г сынып оқушылары Болат Кәусар, Мұрагерқызы Аружан, Мұхаметкәрім Райана шешуші кезеңде 2- орынды иеленді. Команда жаттықтырушысы М.Е. Мусажанова. Мектебімізде «Шахмат ойнау республикалық челленджі» өтті.Челлендждің мақсаты: шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл ой қабілеттерін дамыту. 5-9 сәуір күндері Астана қаласында Тоғызқұмалақтан алғаш рет 2-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға Астана, Алматы қаласы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, БҚО, Павлодар облыстары қатысты. Бұл Олимпиадаға біздің тәрбиеленушілеріміз Болатханова Айдана, Азат Аружан Павлодар облысы құрама командасы үшін ойнап 1 орынға ие болды. 6-9 сәуір күндері Павлодар қаласында Тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классика және блиц түрінен Павлодар облысынын жекелей чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа біздің тәрбиеленушіміз Кульбаева Азиза қатысып жүлдері 2- орынға ие болды.»Айбын» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен мектебіміз жалпы ұпаймен І орынға ие болды. 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, мектебімізде ұлттық ойындар түрінен сайыстар өтті. Тоғызқұмалақ жарысы 2-8 сыныптар арасында өтті. Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында Божен Ж. — 1 орын, Исмоил С. — 2 орын, Авилхан Ж. — 3 орын. иеленсе, қыздар арасында Азат А. — 1 орын, Кульбаева А. — 2 орын, Кадырбек А. — 3 жүлделі орындарды иеленді.Асық ату жарысынан 4 сыныптар арасында өткізілді. Мектебімізде «Менің балам сау, өйткені екпе салдырған»атты тақырыбында спорт сайыстары өткізілді. 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 2-4 сынып оқушылары арасында «Күшті, икемді» спорттық эстафета өтті.
Балалар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизмнің алдын-алу бойынша
Мектеп кітапханасында «Заң және уақыт», «Біздің өмірімізде сектаға орын жоқ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды . Мектебімізде қыркүйек айында Ақсу қаласының полиция бөлімшесінің тергеушісі полиция капитаны Сарсенбаев Темирлан Ержанович 9-11 сынып оқушыларына «Қылмыстық жауапкершіліктің жасы»‘ , «Есіртке қылмысының алдын алу», «Зорлық-зомбылықтың құрбанды болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады» атты тақырыптарда дәріс өткізді. ҚР қылмыстық кодекс 273 бабы бойынша «Терроризм актісі бойынша жалған ақпарат тарату» бойынша 5-11 сынып аралығында құқықтық сағаттары өткізілді. «Менің отбасым», «Біз бақытты баламыз»1-4 сынып оқушыларының арасында сурет сайыстары өткізілді. 2-сынып оқушылары арасында «Ата-баба дәстүрі» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша: 1-жүлделі орынға ие болған 2″Ә» сынып оқушысы Кадирбекқызы Диана, 2-орынға Нығымет Алуа 2″Е» сынып оқушысы, 3-орынға Ақжол Кәусар 2″А» сынып, 3-орынға Абишева Айзере 2″Г» сынып оқушылары ие болды. Ақсу қаласының бөлімшесінің тергеушісі полиция капитаны Сарсенбаев Темирлан Ержанович мектепте «ҚР Кодексі 2014 жылғы 3 шілдедегі #226-VҚРЗ»атты тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс ішінде 15,273,296 баптарға тоқтала кетті. 15-бап. Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар. 273-бап. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру. 296-бап Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу. «Біз бәріміз бірдейміз» атты 5-9 сыныптар аралығында өткен толлеранттылық сынып сағаты. 8 желтоқсан күні мектепте мәжіліс залында 10-11 сынып оқушыларына , мұғалімдерге, кіші техперсоналға Ақсу қаласы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенаты Сарсенбаева Эльмира Бакытжановна дәріс сабағын өткізді. “Қазақстанда тиым салынған террористік ағымдар” тақырыбында әңгіме сабағы туралы. Дінтану пән мұғалімі Ибраев Ғ.С. 9 сынып оқушыларымен “Қазақстанда тиым салынған террористік ағымдар” тақырыбында әңгіме сабағы өткізілді. 9 желтоқсан күні мәжіліс залында 16-желтоқсанҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Ақсу қаласының даму тарихы-Тәуелсіз Қазақстанның тарихының даму тарихы» атты тақырыпта ауған соғысының ардагер жауынгері Егимбаев Асет Тулеугалиевичпен кездесу өтті. 16-қараша Халықаралық толеранттылық күні. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру- Елдік мұраттың басты бағыттары. Осы орайда “Толеранттылық-бейбітшілікке жол” тақырыбында 8 «Ә» сынып оқушылармен тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Конырханова Ж.К. Тарих пәні мұғалімі және 8 «Ғ» сынып жетекшісі Рамазанова Ж.С. оқушылармен “Толеранттылық-бейбітшілікке жол” тақырыбында сынып сағатын өткізді. 9- 10 сынып оқушыларымен «Елімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыбында ақпараттық,түсіндірме жұмыстар атқарылды. 8-11 сынып оқушыларына «Ұрланған балалық шақ», «Адасқандар» бейнефильмі көрсетелді. Оқушылар теріс діни ағымға түскен адамдардың тағдырымен танысып, ондай теріс ағымдар мен экстремистік топтардың айласына түспеу жолдарынымен таныс болды. 1 мамыр — Бірлік, татулық күніне орай мектеп кітапханасы қазақстан халқының бірлігі, ынтымағы туралы кітаптармен таныстыру арқылы оқырмандар арасында этностар достығы, мәдениеті мен әдебиетін дәріптеу мақсатында кітапхана пайдаланушыларына арналған, «БІЗДІҢ КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.“Діни экстремизм және терроризм бүкіл әлем үшін үлкен қауіп” тақырыбында әңгіме сабағы өткізілді.Оқушыларға терроризм қаупі жайлы айтылып, олардан сақтану жайлы айтылды.
2022-2023 оқу жылында салауатты өмір салты бағыты бойынша атқарылған жұмыстар.
Мектебімізде ЖҚТБ –нің алдын алу мақсатында оқушыларға ЖҚТБ — ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан — жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ — ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру. Осы мақсатқа сүйене отырып мектебімізде 7, 10 сынып оқушыларының Дүниежүзілік ЖҚТБмен күрес күніне орай «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз» суреттер топтамасы ұйымдастырылды.10 «Б» сынып оқушылары дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай сынып сағатында ЖҚТБ жайлы бейнероликтер көріп, қазіргі заманның дерті екеніне тағы да көз жеткізді.Бүгінгі сабаққатың мақсаты:оқушыларға ЖҚТБ — ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырғанкеселдің залалын жан — жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ — ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру. Сынып жетекші: Сагнаева Г.К.10 «Ә» сынып жетекшісі Карагатеев Д.А. дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай сынып сағатында оқушыларға ЖҚТБ жайлы түсіндірмелі-ақпараттық мәлімет беріп, қазіргі заманның дерті екеніне тағы да көз жеткізді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға ЖҚТБ — ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан — жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ — ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.Ақсу қаласының терапевт дәрігері Жанаргуль Төлеухан туберкулез ауруын алдын алу мақсатында 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.Туберкулез ауруының пайда болуы және жұғу жолдары туралы слайд көрсетті. Сонымен қатар бұл аурудың алдын алу және сақтану ережелерін түсіндіріп өтті, буклеттер таратты. https://www.instagram.com/p/CqKaxWQtRJ8/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/ClnS_BRNjrE/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/ClnTxi1t0fZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/ClnUot0tUez/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде жыныстық тәрбиенің алдын алу мақсатында жүмыстар жүргзілді.Ақсу
қ.орталық емхананың жыныстық жасөспірімдердің дәрігері «адамның репродуктивтік денсаулығы.Ұлдар мен қыздардың анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктері» әңгіме жүргізілді. 1-11 сынып арасында «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Ақсу қаласының қалалық ауруханасының гинеколог-акушер Акильжанова Муддат Кужжатовна мектебіміздің 5 сынып оқитын қыздарына жеке бас гигиенасы жайлы дәріс сабақ өткізді. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2022 жылдың 30 қарашасында 9-11сыныптың оқушылар арасында кездесу, акция ұйымдастырылды.Өткізген
Ақсу қ.емхананың гинекологі Акильжанова М.К қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттады. Ақсу қаласының акушер — гинеколог Акылжанова М.К 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде қыз балаларға «Жыныстық қатынастың алдын алу», «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылды. Гинеколог жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. 5 сәуір күні мектебімізге Цуканова Елена Владимировна акушер — гинеколог маман дәрігерімен кездесу өтті.Оған мектебіміздің 6-7 сынып қыздары қатысты.Қыздарға дәріс оқылды. Дәріс барысында қыздар денсаулығы, қыздардың тәрбиесі, тазалығы мен тәртібі жайлы әртүрлі бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар акушер-гинеколог дәрігерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардың кәсіби жауаптарын тыңдады және пікір алмасып, ой бөлісті.5 сәуір күні мектебімізге Цуканова Елена Владимировна акушер — гинеколог маман дәрігерімен кездесу өтті.Оған мектебіміздің 6-7 сынып қыздары қатысты.Қыздарға дәріс оқылды. Дәріс барысында қыздар денсаулығы, қыздардың тәрбиесі, тазалығы мен тәртібі жайлы әртүрлі бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар акушер-гинеколог дәрігерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардың кәсіби жауаптарын тыңдады және пікір алмасып, ой бөлісті. 7 сәуір күні мектебімізге Цуканова Елена Владимировна акушер — гинеколог маман дәрігерімен кездесу өтті.Оған мектебіміздің 8 сынып қыздары қатысты. Қыздарға «Жыныстық жолдмен таралатын жұқпалы аурулар», «Ерте жүктіліктін алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында қыздар денсаулығы, қыздардың тәрбиесі, тазалығы мен тәртібі жайлы әртүрлі бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар акушер-гинеколог дәрігерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардың кәсіби жауаптарын тыңдады және пікір алмасып, ой бөлісті. «Қыздардың жеке бас гигенасы», «Етеккір гигенасы» , «Жыныстық қатынастың алдын алу» тақырыптарында жасөспірімдер гинекологымен кездесу өтті. https://www.instagram.com/p/CjrmupitqFp/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/CllWpZTtnMt/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/CoWE9Q4I9vo/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/CqsKfabNNIK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/Cqu699DNaq2/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==